2015 жылғы 8 сәуір, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 180 «Мемлекеттiк қаржылық бақылау объектілерінде айқындалған бұзушылықтардың сыныптауышын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
бұйырамын:
1. «Мемлекеттiк қаржылық бақылау объектілерінде айқындалған бұзушылықтардың сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7621 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышын бекіту туралы»;
қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышы бекiтілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. СҰЛТАНОВ
«КЕЛІСІЛДІ»
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің төрағасы _______________ Қ. Жаңбыршин
2015 жылғы 8 сәуір
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 сәуір № 263 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №180 бұйрығымен бекiтiлген
МЕМЛЕКЕТТIК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕ АНЫҚТАЛАТЫН БҰЗУШЫЛЫҚТАР СЫНЫПТАУЫШЫ
р/с
№ Бұзушылық түрлерінің тізбесі Бұзылған құқық нормалары Бұзушылықты жою тәсілдері* Бұзылған құқық нормалары үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік түрлері**
1-бөлім. Қаражаттың бюджетке түсуі (кіріс бөлігі) кезіндегі заңнама бұзушылықтары***
1.1 Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн қаражаттың уақтылы, толық есепке жатқызылмауы. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 90-бабының 1-тармағы (бұдан әрі - Бюджет кодексі). Қаражатты тиісті бюджетке толық көлемде өтеу. Әкімшілік жауапкершілік. «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі (бұдан әрі – ӘҚБК) 234-бабының 1-тармағы.
1.2 Бюджетке түсетін салықтық, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтаруғажәне (немесе) бюджетке есептеуге жауапты уәкілетті органдардың бюджетке түсетін салықтық, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің бюджетке артық (қате) төленген сомасын қайтару және (немесе) есептеу, сондай-ақ қосылған құнсалығының артық сомасын қайтару кезінде қорытындыда қамтылған деректердің дұрыстығын, олардың негізділігін қамтамасыз етпеуі. Бюджет кодексінің 94-бабының 1-, 2- тармақтары; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 18- бабының 1- тармағының 1) тармақшасы, 46- бабының 1- тармағының 2) және 3) тармақшалары, 599-602 баптары, 273 бабы. Сәйкес келтіру; Негізсіз қайтару кезінде қаржыны бюджетке толық көлемде өтеу. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 28, 28-1, 28-2, 29 баптары.
1.3 Бюджетке түсетін салықтық, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, қарыздардың алынуы үшін жауапты тиісті уәкілетті органдардың бюджетке түсетін салықтық, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, қарыздардың толықтығы мен уақтылы түсуін қамтамасыз етуді орындамауы, уақтылы орындамауы және (немесе) толық көлемде орындамауы. Бюджет кодексінің 94-бабының 2, 3-тармақтары; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 18- бабы 1- тармағының 1) тармақшасы; «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы кодексінің 10- бабының 1- тармағының 7) тармақшасы; «Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы»;
Қазақстан Республикасы Бюджетке аударуға жатады. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1, 28-2, 29 баптары.
Үкіметінің 2008 жылғы 31желтоқсандағы № 1339 қаулысы; облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы қаулылары.
1.4 Бюджет қаражатын алушылардың тиiстi банктердегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарына аударылатын қаражаттың уақтылы, толық есепке жатқызылмауы. Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағы. Ақша алушылар пайдасына төлемдерді толық көлемде жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді орындау. Әкімшілік жауапкершілік. ӘҚБК-нің 234-бабының 2-тармағы.
1.5 Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдер мен негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің толық және уақтылы төленбеуі. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңның 22-бабының 1-тармағы; «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңның 140-бабының 4-тармағы; Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысы. Қаражатты бюджетке толық көлемде өтеу. Әкімшілік жауапкершілік. ӘҚБК-нің 205-бабы.
1.6 Резидент еместің табысынан төленген табыс салығын, құжаттарын Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасында анықталған тұрғыдан тексерместен бюджеттен қайтаруды жүзеге асыру. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 217-, 219-баптары. Бюджетке қайтаруға жатады. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1, 28-2, 29 баптары.
1.7 Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру (жалға алуға) кезінде жалға беру төлемдерін төмендету. «Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 236 бұйрығы. Жалға алу бойынша қолданыстағы мөлшерлемені қолдана отырып, жалдау төлемінің сомасын қайта есептеу жолымен сәйкес келтіру. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1, 28-2, 29 баптары.
1.8 Салық төлеушіден салық берешегін, жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушы, адвокат болып табылмайтын жеке тұлға-салық төлеушіден салық берешегін мәжбүрлеп өндіру шараларын толық қабылдамау. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 607-620, 622 баптары; «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы кодексінің 144-157 баптары. Орындалмаған салық міндеттемелерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегі Қазақстан Республикасың Заңының 12-бабы.
1.9 АЖ БСАЖ деректер базасына теріс мәліметтерді енгізу арқылы бересі және артық төлеу (1-Н есебі) бойынша салықтық есептерді бұрмалау.
Кедендік баждарды, салықтарды, кеден алымдары мен өсімақылардың есептелген, есепке жатқылған (кемітілген), аударылған және төленген сомаларын есепке алу бойынша жеке есептерін бұрмалау
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 369 -бабының 3-тармағы, 391- бабының 3-тармағы, 409- бабының 7–тармағы, 588-601 баптары. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 мауысымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 141-бабы. Сәйкес келтіру. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары.
2-бөлім. Бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезіндегі заңнама бұзушылықтары***
1-тарау. Бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бюджеттік заңнама бұзушылықтары
2.1.1 Төтенше резервтің Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуіне пайдаланылмауы. Бюджет кодексінің 20-бабының 1-тармағы. Бюджетке өтеу жолымен сәйкес келтіру. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73,
74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29 баптары.
2.1.2. Сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған резервтiң Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн орындауға пайдаланылмауы. Бюджет кодексінің 20-бабының 3-тармағы. Бюджетке өтеу жолымен сәйкес келтіру. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73,
74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29 баптары.
2.1.3 Мемлекеттік тапсырманың көрсеткіштеріне қол жеткізбеу. Бюджет кодексінің 41-бабы. Бюджет кодексінің 41-бабының 5-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті орган бекітетін «Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесі» Көрсеткіштерге қол жеткізу үшін шаралар қабылдау, орындалмаған көрсеткіштер бөлігінде бюджетке өтеу. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73,
74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29 баптары.
2.1.4 Жергiлiктi атқарушы органдардың нысаналы трансферттердi олардың тиiстi бюджеттiк бағдарламаларда айқындалған нысаналы мақсаттарына сәйкес және нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес пайдаланбауы. Бюджет кодексінің 44-бабының 3-тармағы, 48-бабының 1-тармағының 3) тармақшасы. Тиісті бюджетке қайтаруға жатады. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1, 28-2, 29 баптары.
2.1.5 Республикалық бюджет шығыстарын бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыру. Бюджет кодексінің 53-бабының 3-тармағы. Қаражатты республикалық бюджеттен бюджеттің басқа деңгейлеріне қалпына келтіру жолымен сәйкес келтіру. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73,
74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 28, 28-1, 28-2, 29 баптары.
2.1.6 Облыстық бюджеттің шығыстарын бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыру. Бюджет кодексінің 54-бабының 3-тармағы. Қаражаттарды облыстық бюджеттен бюджеттің басқа деңгейлеріне қалпына келтіру жолымен сәйкес келтіру. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73,
74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29 баптары.
2.1.7 Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстарын бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыру. Бюджет кодексінің 55-бабының 3-тармағы. Қаражатты республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен бюджеттің басқа деңгейлеріне қалпына келтіру жолымен сәйкес келтіру. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73,
74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29- баптары.
2.1.8 Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстарын бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыру. Бюджет кодексінің 56-бабының 3-тармағы. Қаражатты жергілікті бюджеттен бюджеттің басқа деңгейлеріне қалпына келтіру жолымен сәйкес келтіру. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73,
74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29 баптары.
2.1.9 Нәтижелерге қол жеткізілмеуіне әкеп соқтырған, жоғары тұрған бюджеттен алынған бюджет қаражатының, соның ішінде нысаналы трансферттердің игерілмеуі. Бюджет кодексінің 48-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 104- бабының 6-тармағы. Тиісті бюджетке қайтаруға жатады. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73,
74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29- баптары.
2.1.10
Дамытуға арналған нысаналы трнсферттер нәтижелері туралы келісімдерде белгіленген тікелей нәтижелерге қол жеткізбеуге әкеп соқтырған алдыңғы қаржы жылында жоғары тұрған бюджеттерден алынған нысаналы трансферттерді игермеген жағдайда кезекті қаржы жылында төмен тұрған бюджеттерді дамытуға нысаналы трансферттерді бөлу. Бюджет кодексі 46-бабының 6- тармағы. Сәйкестікке келтіру, жекелеген жағдайларда бюджетке өтелуге жатады. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73,
74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29 баптары.
2.1.11 Бюджет қаражатын толық игерілуі кезінде бюджеттік бағдарламалар нәтижелеріне қол жеткізбеу Бюджет кодексінің 104-бабының 6-1-тармағы. Нәтижелерге қол жеткізу үшін шаралар қабылдау Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73,
74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29- баптары.
2.1.12 Тиісті бюджеттік комиссияның қарауынсыз және бюджеттік заңнамада көзделмеген жағдайларда қаржыландыру көлемдерін өзгертуге байланысты мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Бюджет Кодексінің 62- бабының 7-тармағы; Сәйкес келтіру. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29- баптары.
2.1.13 Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің толық және дұрыс ақпаратты және бюджеттік өтінімде қамтылған есептерді қамтамасыз етпеуі Бюджет кодексінің 67-бабының 12, 12-1-тармақтары; «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде №1007 болып тіркелген) Ағымдағы жылдың артық бөлінген бюджет қаражатын азайту жолымен қалпына келтіру. Сәйкестікке келтіру. Әкімшілік жауапкершілік. Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73,
74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29- баптары
2.1.14 Қазақстан Республикасы Үкіметін немесемемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның жауапкершілігіне әкелген заңнамада белгіленген азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуінсіз мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен міндеттемелер қабылдау бойынша мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттері Бюджет кодексінің 96-бабы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде№ 9934 тіркелді ) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін 6-бөлімінің 1-3-параграфы Сот органдары арқылы осы азаматтық-құқықтық мәмілені тану жолымен сәйкестікке келтіру Әкімшілік жауапкершілік. ӘҚБК кодексінің 267-бабы.
2.1.15 Жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелер міндетті болып табылатын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша тіркелмеген азаматтық-құқықтық мәмілесіз төлемдер мен аударымдар жүргізу. Бюджет кодексінің 97-бабының 4-тармағы Ақшаны алушы мемлекеттік мекеме есебіне жүргізілген төлемдерді қалпына келітру жолымен сәйкестікке келтіру. Әкімшілік жауапкершілік.
ӘҚБК-нің 267-бабы. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29 баптары.
2.1.16 Мемлекеттік мекеменің мыналарды қамтамасыз етпеуі:
1) төлеуге берілетін шоттың заңдылығы мен негізділігі;
2) ақша алушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің толық орындалуы;
3) жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығы;
4) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тауарларды сатып алу немесе жеткізу кезінде шот-фактураның, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмелерін, жұмыстарды немесе қызметтерді орындаған кезде – актілер жасалмайтын қызметтерді қоспағанда, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің көшірмелерін немесе тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша аванстық төлем сомасын қоспағанда, төлем жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмелерін (бұдан әрі – растайтын құжаттар) беру. Көрсетілген құжаттарға өнім берушінің өзі немесе ЭСҚ-мен қол өойылуы тиіс. Бұл ретте көрсетілген құжаттардың көшірмелері орталық атқарушы органның жауапты хатшысы/аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы орган жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның, ал мұндайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның өз қолымен қол қойылып, мемлекеттік мекеменің елтаңбалық мөрінің бедерімен ұсыну;
5) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы дайындау құны ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша аванстан кейінгі төлемді жүргізу кезінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын ұсыну;
6) «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде - орталық атқарушы органның жауапты хатшысы/аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы орган жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға) немесе ол уәкілеттік берген тұлға, ал мұндайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға және бас бухгалтер қол қойған орастау құжаттарының түпнұсқасынан сканерленген үлгісін бекіту;
7) «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесін пайдалану кезінде орталық атқарушы орган жауапты хатшысының/аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы орган жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның, ал мұндайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның және бас бухгалтері ЭЦҚ-ның заңды тұлға құжат топтамасының деректеріне дұрыстығы. Бюджет кодексінің 97-6-бабының 6-тармағы;
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 37-бабының 12, 13-тармақтары; Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық тізілімінде №9934 тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 215-тармағы Сәйкес келтіру. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1, 28-2, 29- баптары.
2.1.17 Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәміле шарттарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізуі арқылы немесе тиісті бюджеттің кірісіне қайтара отырып, өткен жылдардың дебиторлық берешек сомасын өтеуі бойынша мемлекеттік мекеменің тиісті шара қабылдамауы. Бюджет кодексінің 97-бабының 7-тармағы. Бюджетке өтеуге немесе тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізу арқылы қалпына келтіруге жатады; соңғы сот инстанциясын қоса алғанда, наразылық-талап ету жұмысын жүргізу. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1, 28-2, 29 -баптары.
2.1.18 Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдарына олардың өз құзыреттерiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына, бақылау жүргiзу үшiн жiберуге бас тарту, қажеттi құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпаратты және өзге де мәлiметтердi беруден бас тарту, дұрыс емес ақпарат беру түрiндегi кедергi келтiру, бақылауды жүзеге асыруға өзге де кедергi жасау, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы актiлердi тиісті орындамау немесе орындамау. Бюджет кодексінің 149-бабының 2-тармағы Кедергілерді жою. Әкімшілік жауапкершілік. ӘҚБК кодексінің 462-бабы
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға инвестициялық ұсыныстарды негізсіз беруі. Бюджет кодексінің 153-бабының 5-тармағы Сәйкес келтіру.Артық жоспарланған қаражатты қайтару. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1, 28-2, 29 -баптары.
2.1.20 Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің концессиялық ұсыныстарды негізсіз беруі. .Бюджет кодексінің 155-1-бабының 2-тармағы. Сәйкес келтіру. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73,
74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1, 28-2, 29 баптары.
2.1.21 Техникалық шешімдер мен қосымша шығыстарға әкеп соқтыратын бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, олардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің түзетуін жүргізбей кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды жасай отырып, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру. Бюджет кодексінің 153-бабының 7-тармағы. Сәйкес келтіру. Техникалық-экономикалық негіздемелерге сәйкес келмейтін төленген қаражаттарды қайтару. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73,
74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29 -баптары.
2.1.22 Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе бюджеттік инвестициялық жобаның үлгі жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына әкеп соғатын қосымша компоненттерді енгізуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуы. Бюджет кодексінің 157-бабының 5-тармағы. Сәйкес келтіру, жеке жағдайларда, бюджетке өтеуге жатады. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73,
74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29- баптары.
2.1.23 Республикалық немесе жергiлiктi бюджетке енгiзiлмеген бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеу. Бюджет кодексінің 157-бабының 6-тармағы. Бюджет кірісіне қайтаруға жатады. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1, 28-2, 29-баптары.
2.1.24 Байланысты гранттар алатын мемлекеттік ұйымдардың байланысты гранттар туралы келісімінде көзделген жоспарланған нәтижелерге қол жеткізбеуі. «Есептiлiктi табыс ету тәртiбi мен мерзiмдерiн және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелерi туралы берiлетiн ақпаратқа қойылатын талаптарды анықтау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2009 жылғы 6 тамыздағы № 166 және Қазақстан Республикасы Байланысты гранттар туралы келісімде көзделген жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге шаралар қабылдау. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73,
74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29- баптары.
Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 25 тамыздағы № 351 бiрлескен бұйрығы.
2.1.25 Байланысты гранттарды алушы мемлекеттік ұйымдардың алынған байланысты гранттарды байланысты грант туралы келісімде көзделмеген мақсаттарға пайдалануы. Бюджет кодексінің 169-бабының 1 тармағы. Бюджетке өтеуге жатады. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1, 28-2, 29- баптары.
2.1.26 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, қарыз алушылардың шаруашылық қызметiнiң залалдарын жабуына, сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң (агенттердiң) көрсетiлетiн қызметтерiне ақы төлеуге бюджеттiк кредиттер беру. Бюджет кодексінің 171-бабының 3-тармағы. Бюджетке қайтаруға жатады. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 28, 28-1,
28-2, 29- баптары.
2.1.27 Бюджеттік кредиттерді беру шарттарының сақталмауы. Бюджет кодексінің 171-бабының 4-тармағы, 180, 181-баптары. Бюджет кредитін беру туралы шартты бұзу жолымен сәйкес келтіру. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28,
28-1, 28-2, 29 -баптары.
2.1.28 Несие шарты бойынша сыйақы сомасы ескеріле отырып, қайтарымды негізде берілген бюджет қаражатының бюджетке уақтылы және толық көлемде қайтарылмауы. Бюджет кодексінің 172-бабының 1-тармақшасы, 183-бабының 2-тармағы, 191, 192-баптары; Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 жел-тоқсандағы № 540 бұйрығымен (Норма-тив-тік құқықтық актілер тізілімінде №9934 тіркел-ген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 11-тарауы 1-параграфы. Бюджетке өтеуге жатады. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73,
74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29-баптары.
2.1.29 Қарызгер мен соңғы қарызгердің бюджеттік бағдарлама мен несиелік шартта көзделмеген мақсаттарға бюджеттік несие қаражатын пайдалану. Бюджеттік кодекстің 190 бабы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде №9934 тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 11-тарауы 1-параграфы. Бюджетке өтелуге жатады. Әкімшілік жауапкершілік. ӘҚБК кодексінің 233-бабының 2-тармағы. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73,
74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29- баптары.
2.1.30 Бiр реттен астам бюджеттік несиені қайта құрылымдауды жүзеге асыру. Бюджет кодексінің 193-бабының 5-тармағы. Соңғы сот инстанциясын қоса наразылық- талап ету жұмысын жүргізу. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29- баптары.
2.1.31 Кредиттiк шартқа қосымша келiсiм жасауды ресiмдемей бюджеттiк кредиттi қайта құрылымдауды жүзеге асыру. Бюджет кодексінің 193-бабының 5-тармағы. Сәйкес келтіру. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73,
74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29- баптары.
2.1.32 Жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстар көлемiнің тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет кiрiстерiнен 10% астам артуы. Бюджет кодексінің 210-бабының 3-тармағы. Сәйкес келтіру. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 28, 28-1,
28-2, 29- баптары.
2.1.33 Мемлекетке, ұйымдарға нұқсан келтіруге әкелген мемлекеттік кепілдіктер беру шарттарының, талаптары мен рәсімдерінің бұзылуы. Бюджет кодексінің 215, 216-баптары; Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде №9934 тіркелген) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 12-тарауы 9-параграфы. Сәйкес келтіру. Әкімшілік жауапкершілік. ӘҚБК-нің 236-бабы.
2.1.34 Мемлекетке, ұйымдарға нұқсан келтіруге әкелген мемлекеттік кепілдіктер беру шарттарының, талаптары мен рәсімдерінің бұзылуы. Бюджет кодексінің 228, 229-баптары; Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде №9934 тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 12-тарауы 1-параграфы. Сәйкес келтіру. Әкімшілік жауапкершілік. ӘҚБК-нің 236-бабы.
2.1.35 Мемлекет кепілдік берген қарыздардың және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздың қаражатын қарыз талаптарында көзделмеген және кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалану. Бюджет кодексінің 224, 235-баптары. Қаражатты тиісті бюджет кірісіне өтеу. Әкімшілік жауапкершілік. ӘҚБК-нің 233-бабының 3-тармағы.
2.1.36 Жалақыны асыра төлеу және негізсіз төлеу (ақшалай қаражат, үлес, сыйақылар). Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 ма-мырдағы Еңбек кодексі; Қазақстан Рес-публикасы Үкіметінің қаулылары:- 2001 жылғы 29 тамыз № 1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы»; 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы». «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 136-бабы 3-тармағына сәйкес еңбек бойынша орталық уәкілетті орган бекіткен «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі». Бұдан алдынғы жылдар бойынша бюджетке өтеуге және кәсіпорын шотына немесе ағымдағы жыл бойынша есеп бойынша қалпына келтіруге жатады. Соңғы сот инстанциясын қоса отырып, наразылық- талап ету жұмысын жүргізу. Тәртіптік жауапкершілік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 72, 73, 74, 75-баптары; «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 28, 28-1, 28-2, 29- баптары.
2.1.37 Мемлекеттік бюджет есебінен азаматтарға зейнетақыны, жәрдемақыны және өтемақыны негізсіз төлеу. Қазақстан Республикасының Заңдары:
- 1992 жылғы 30 маусымдағы «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы»;
- 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы»;
- 1997 жылғы 16 маусымдағы «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы»;
- 1999 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы»;
- 1999 жылғы 13 шілде «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы»; 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»; 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы»;
2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»;
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 13 желтоқсандағы «Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлем туралы» № 284 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары: - 2000 жылғы 15 қаңтардағы № 80 «Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемді жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы»;
-2003 жылғы 23 қаңтардағы № 82 «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің ережесiн бекiту туралы»;
-«Әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін бекіту туралы»;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектердің зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын пайдалану ережесін бекіту туралы» № 72-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде №5193 тіркелген); -Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 159-бабының 4-тармағына сәйкес еңбек бойынша орталық уәкілетті орган бекітетін «Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау ж